Ultimate magazine theme for WordPress.

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мыңға жуық адамға артты

0 2
Ресми еңбек нарығы нығайып, азаматтарды тұрақты жұмыспен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету деңгейі артып келеді. Қазақстанда еңбек нарығындағы оң үрдіс сақталуда. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылғандар саны 9 млн 392 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5 мың адамға артты. Өсімнің негізгі үлесі еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жалдамалы жұмыскерлер санының көбеюі есебінен қамтамасыз етілді. Олардың саны 7 млн 140,9 мыңнан 7 млн 290,4 мың адамға дейін өсіп, шамамен 150 мың адамға ұлғайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.