Роналдудың хет-тригі «Ювентусты» ширек финалға шығарды
Қатар өткен ойында «Манчестер Сити» немістің «Шалькесін» 7:0 есебімен ұтты.

Туриннің «Ювентусы» мадридтік «Атлетиконы» ұтып, Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Есеп 3:0. «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду хет-трикпен көзге түсті. Ол 27-ші, 49-шы және 86-шы минуттарда доп соқты. Соңғы добын пенальтиден орындады. Осылайша, бірінші кездесуде 2:0 есебімен ұтқан «Атлетико» жарыс жолынан шығып қалды.
Қатар өткен ойында ағылшынның «Манчестер Ситиі» немістің «Шалькесін» 7:0 есебімен тұқыртты. Бірінші кездесуде де ағылшындар 3:2 басым түскен болатын.
Осылайша «Ювентус» пен «Манчестер Сити» ширек финалға жолдама алып алған «Манчестер Юнайтед», «Порту», «Тоттенхэм» және «Аяксқа» қосылды.
Ширек финалдың барлық қатысушылары 13 наурызда белгілі болады.