Ultimate magazine theme for WordPress.

Биыл 1,2 млн га алқапты суару үшін шамамен 11 млрд текше метр су алу жоспарда бар

0 2
Вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында суару маусымына дайындық өткен жылдың соңынан басталған болатын. 2025 жылғы желтоқсан 2026 жылғы қаңтар айларында жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдарының қатысуымен бірқатар кеңес өткізіліп, онда алдағы суару маусымының тәуекелдері қаралып, қажетті шаралар айқындалды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2024–2028 жылдарға арналған ылғалсүйгіш дақылдардың, оның ішінде күріштің егіс алқаптарын қысқартуды көздейтін Жол картасы бекітілді. Бұл туралы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.