Ultimate magazine theme for WordPress.

САБЫНДА ДА СЫЙЛЫҚ БАР

0 222

Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде тосын жәйт орын алды. Мекемеде жазасын өтеуші сотталғандардың біріне жолданған сәлем-сауқат тосын сыйға толы. Құйтырқы іс жаңа 20-шы жылы қаңтардың бесі күні кезекті тінтіп-тексеру жұмысы барысында әшкереленді. Режим бөлімі бастығының орынбасары, әділет капитаны Саят Рахимовқа Алматы қаласы Ұлжан-1 шағын ауданынан келіп түскен бандеролдағы заттар күдік туғызды. Жіті тексеріс аясында күнделікті тұрмыста тұтынатын қара яғни кір сабын ішінен 6 бірдей ұялы телефон мен қуаттағыш сымдар табылды. Қулыққа барғандар әрбір сабынды жеке-жеке ерітіп, арасына сымтетікті тығып қайта қалпына айнытпай келтірген. Тіптен бір қарағанда аңғару қиынға соғады. Дегенмен сақшы қыралығының арқасында тиым салынған заттар  темір тордың ар жағына жете қоймады. Тәркіленген 6 бірдей мобилді құралдың төртеуі «NOKIA» және екеуі «L8STAR» маркалы. Соңғы екеуі тіптен қолға ілінбейтін, соған қарамастан бейне, фото түсіру, аудио жазуға қауқарлы. Қорап сыртында амалын асыруға әрекеттенген жолдаушының ұялы телефоны нөмірі де көрсетіліпті.

Қазіргі таңда аталған әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481 бабына сәйкес іс сотқа жолдану бағытында құжаттар рәсімделуде.

Айта кетелік, қатаң тиымға ие заттардың ішкі күзет аумағына жол бермеген әділет капитаны Саят Рахимов антқа адал,  жауапкершілігі жоғары, өз ісін мінсіз атқарады деуге толық негіз бар. Ол жуырда ірі көлемде бәтеңке табанына тығып, 500-ден астам психотропты дәрілерді өткізбек болған деректі анықтап, жолын кескен.

 

______________________________________________________________________

 

 

Гаухар Рысбай

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы

б/қ 87771088000

 

 

 

 

 

 

 

Жауап Қалдырыңыз

Your email address will not be published.